Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Сирияның солтүстігінде әскери операция бастауға ниетті екенін айтты

Опубликовано:

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Chris J Ratcliffe/Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде әскери операция жасауға ниетті екенін айтты. Оның сөзінше, әлемдік қауымдастық мұны "түсінеді", деп хабарлайды РИА Новости.

Мадридтегі НАТО саммитінде Ердоғанға Түркияның Сирияның солтүстігіне жоспарланған әскери операциясын халықаралық қауымдастық қалай қабылдайтыны туралы сұрақ қойылды.

"Біз халықаралық қауымдастық түсінбейтін операцияны жасамаймыз. Халықаралық қауымдастық түсінетін "тілде" өткіземіз.

Түркияның бұл мәселеде елеулі тәжірибесі бар. Алаңдаудың қажеті жоқ", - деп жауап берді Түркия президенті.

Айта кетейік, Түркия көшбасшысының өкілі Ибрахим Калын бұған дейін Анкара Сирияның солтүстігіндегі әскери операцияға дайын екенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, аталған операция кез келген уақытта басталуы мүмкін.

Операция Түркияда террористік деп танылған күрд күштерін жоюға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1976490-erdogan-siriyanyn-soltustiginde-askeri-operaciya-bastauga-nietti-ekenin-aitty/

pixel