Мысырдың танымал курортында туристке акула шаубыл жасады
Опубликовано:

Мысырдың Хургада курортында австриялық туристке акула шаубыл жасап, салдарынан ол көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Хургададағы консулдығына сілтеме жасап.
Консулдықтағы дереккөздің мәліметінше, оқиға Сахль-Хашиш ауданында болған.
"Акула оның қолынан және аяғынан тістеп алған", - дейді ол.
Кейінірек дереккөз әйелдің алған жарақтынан қайтыс болғанын хабарлаған.
Бұл жайтттан кейін жергілікті билік үш күнге Сахль-Хашиш ауданынан Макади-Бэй айлағына дейін аралықта шомылуға, дайвингке, снорклингке және балық аулаға тыйым салған.
РЕНТВ-ның "Аль-Ахбар" порталына сілтеме жасап хабарлауынша, қаза болған әйел 68 жастағы Австрия азаматшасы. Ол мысырлық азаматқа тұрмысқа шығып, осында тұрып жатқан.
1 шілде күні зейнеткер Хургада курортының оңтүстігіндегі Сахль-Хашиш ауданында шомылып жүрген. Кенет оған акула шабуыл жасаған.
Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері әйелді бірден ауруханаға алып кеткен, алайда ол жолда көз жұмған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1976674-mysyrdyn-tanymal-kurortynda-turistke-akula-saubyl-zasady/