Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда маса шаққан 21 жастағы қыз ауруханада көз жұмған

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ұлыбританияның Бери Сент-Эдмундс қаласының тұрғыны маса шаққаннан кейін қайтыс болған. Жақында бойжеткеннің өліміне қатысты тергеу аяқталып, нәтижесінде оның масадан тараған инфекциядан көз жұмғаны белгілі болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, оқиға былтыр шілде айында болған.

21 жастағы болашақ ұшқыш Ориана Пеппер Бельгияның Антверпен қаласында тағылымдамадан өтіп жүргенде маңдайынан маса шаққан.

Ориана 2021 жылдың 7 шілдесінде ауруханаға түскен.

Порталдың жазуынша, дәрігерлер британиялық бойжеткенге антибиотик тағайындаған, бірақ дәрі көмектеспеген. Екі күннен кейін Ориана сүйіктісінің көз алдында есінен танып қалған. Ер адам оны тағы аурухана апарған. Алайда 12 шілдеде британиялық ару ауруханада көз жұмған.

Сот тергеушісі Найджел Парслидің айтуынша, өлім себебі - маса шаққананн кейін пайда болған инфекция.

"Маса шаққаннан кейін Ориананың ағзасында инфекция пайда болған. Осыдан кейін инфекция мойнындағы ұйқы артериясы арқылы миға жетіп, салдарынан бактериялық эмболия туындаған", - дейді ол.

Найджел Парсли мұндай жағдайларды бұрын-соңды кездестірмегенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977501-ulybritaniyada-masa-saqqan-21-zastagy-qyz-auruxanada-koz-zumdy/

pixel