Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті

Опубликовано:

Зертхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркияда соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру дерегі күрт өсті. Азаматтардың негізгі бөлігі омикрон штамын жұқтыруда, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ресми Telegram парақшасында.

Түркияның денсаулық сақтау министрі 50 жастан асқан және қауіп тобындағы азаматтарға екпе алғалы алты айдан астам уақыт өтсе, вакцинаның келесі дозасын алуға кеңес берді.

Өткен аптада Түркияның дәрігерлер одағы ел басшылығына дертті жұқтыру жағдайының өсуіне байланысты шектеу шараларын қайта енгізу қажеттігін ескертті. Ұйым жабық ғимараттарда міндетті түрде бетперде кию талабын енгізуді, балаларға екпе егіп бастауды, тестілеу аясын кеңейтуді және дерттің таралу жағдайы туралы мәліметтерді апта сайын емес, күнделікті жариялауды ұсынды.

Сонымен қатар бүгінде омикрон штамының тағы бір симптомы белгілі болып отыр. Нақтырақ айтсақ, түнгі уақытта терлеу симптомы. Ұлыбританияның иммунолог-профессорының айтуынша, бұл белгі ересектерден бөлек, балаларда да пайда болуы мүмкін.

Науқас қатты терлейтіні соншалық, киімі мен төсек-орнына дейін дымқылданып кетуі ғажап емес деп ескертті маман. Бірақ ол бұның дене қызуының жоғары болуына еш қатысы жоқ екендігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977842-turkiyada-songy-eki-aptada-koronavirus-infekciyasyn-zuqtyrgandar-sany-kurt-osti/

pixel