Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер бетіндегі адамдар саны қашан 8 миллиардқа жетеді: БҰҰ болжам ұсынды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: piqsels.com

БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаменті Жер бетіндегі тұрғындар саны 8 миллиардқа қашан жетуі мүмкін екенін хабарлады. Ақпарат департаменттің ресми сайтында жарияланды.

Департаменттің болжамына сүйенсек, бұл көрсеткіш 2022 жылғы 15 қарашада тіркеледі.

"Болжам бойынша, 2022 жылғы 15 қарашада Жердегі тұрғындар саны 8 миллиард адамға жетеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Біріккен ұлттар ұйымының ақпаратынша, 2030 жылға қарай ғаламшардағы адамдар саны 8,5 миллиардқа, 2050 жылға қарай 9,7 миллиардқа, ал 2100 жылға қарай аталған көрсеткіш 10,4 миллиардқа дейін өсуі мүмкін.

Осы орайда ақпаратта болжамға сәйкес әлем бойынша өлім-жітім көрсеткіші төмендейтіні атап өтілген.

Ал 2050 жылға қарай адамдардың өмір сүру ұзақтығы 77,2 жасқа дейін ұзарады. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 72,8 жасқа тең болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977973-zer-betindegi-adamdar-sany-qasan-8-milliardqa-zetedi-buu-bolzam-usyndy/

pixel