Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

Джо Байден коронавирус жұқтырды
Джо Байден. Фото: euroua.com

АҚШ президенті Джо Байденнің коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында хабарланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақ үй мәліметінше, президентте вирустың жеңіл белгілері байқалған.

"Бүгін таңда президент Байденнің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже берді. Ол толығымен екпе алған, екі рет ревакцинациядан өткен. Қазір сырқаттың жеңіл белгілері бар", - делінген Ақ үй баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің мәлімдемесінде.

Ол Байденнің Ақ үйде оқшаулауда екенін және өз міндеттерін орындауды тоқтатпағанын да айтты.

"Сынама қорытындысы теріс болғанға дейін ол жұмысты оқшауланып істейді. Бәрі дұрысталған бойда президент кәдуілгі жұмыс кестесіне оралады", - деді Карин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1979632-aqs-prezidenti-dzo-baiden-koronavirus-zuqtyryp-aldy/

pixel