Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шри-Ланкадағы дағдарыс салдарынан әлемде шай бағасы қымбаттауы мүмкін

Опубликовано:

Әлемде шай бағасы қымбаттауы мүмкін
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдағы уақытта әлемде шай өндірісі 30 пайызға қысқарып, тиісінше оның бағасы қымбаттауы мүмкін, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Бұған Шри-Ланкадағы экономикалық және саяси дағдарыс себеп. Жергілікті сарапшылар осылай деп ескертіп отыр. Қазір арал мемлекет өз тарихында болмаған күрделі дағдарысты бастан кешіп жатыр.

Азық-түлік қымбаттап, жанармай тапшылығы ушыққан. Елде шай өнеркәсібінде 2 миллиондай адам еңбек етеді. Солар қазір аптасына 3-4 күн ғана жұмыс істейді. Қалған уақытта жанармайға кезекте тұруға мәжбүр. Ол аздай тыңайтқыш та қымбаттап кеткен.

Айта кеткен жөн, Шри-Ланка, әлемде шай экспорттау бойынша Кения және Қытаймен бірге алғашқы үштікке кіреді. Оның жаһандық нарықтағы үлесі 20 пайыздан асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1979641-sri-lankadagy-dagdarys-saldarynan-alemde-sai-bagasy-qymbattauy-mumkin/

pixel