Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда бір тәулікте найзағай соққан 20 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: Pexels.com

Үндістанның Бихар штатында найзағай соққан кемінде 20 адам қайтыс болды. Аймақ билігі қаза тапқандардың отбасыларына 400 мың рупий (шамамен 2,3 млн теңге) берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Daily Mail.

Басылымның жазуынша, штатта найзағай түсіп, қаза болғандардың саны артуы мүмкін, өйткені аймақтың көптеген тұрғыны қатты ыстықтың салдарынан салқындау үшін сыртқа шығуға тырысуда.

Штаттың бас министрі Нитиш Кумар халыққа үндеу жасап, оларды табиғи апаттан келген зардапты жою жөніндегі органдардың кеңестеріне құлақ асуға шақырды. Ол қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы ретінде 400 мың рупий (шамамен 2,3 млн теңге) берілетінін айтты.

Сонымен қатар Нитиш Кумар шенеуніктерге найзағайдың кез келген нәрсеге түсуіне жол бермейтін және оның орнына электр қуатын жерге жіберетін қондырғыларды орнатуды тапсырды.

Айта кетейік, 2019 жылы Үндістанда найзағай соққан үш мыңға жуық адам қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1980596-undistanda-bir-taulikte-naizagai-soqqan-20-adam-qaitys-boldy/

pixel