Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина ресейлік аруды "Әлем аруы" байқауынан шеттетуді талап етті

Опубликовано:

Сұлулық конкурсы
Анна Линникова. Фото: vk.com/missrussiacontest

Украина өкілдері "Әлем аруы" халықаралық байқауының ұйымдастырушыларынан ресейлік аруды сайыстан шеттетуді сұрап, жүгінді деп хабарлайды УНИАН.

"Украина аруы" байқауын ұйымдастыру комитеті және сайыстың 2021 жылғы жеңімпазы Анна Неплях "Әлем аруы" байқауының ұйымдастырушыларынан Ресей намысын қорғайтын Анна Линникованы байқаудан шеттетуді сұраған.

Олар бұны Ресей-Укарина арасындағы жағдаймен байланыстырған.

"Мен сабақ болу үшін Ресейді бүкіл өркениеттен ажыратып тастау керек деп санаймын. Бұл "жазықсыз" адамдар үшін де, олардың үкіметі үшін де сабақ болуға тиіс. Бүкіл әлем олардың бізді қалай азаптап жатқанын көріп отыр және оларға "Әлем аруы" сияқты бейбіт шараларға қатысуға мүмкіндік беруде", – дейді Анна Неплях өзінің Instagram парақшасындағы Stories-те.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1980846-ukraina-reseilik-arudy-alem-aruy-baiqauyna-qatysudan-settetudi-talap-etti/

pixel