Си Цзиньпин Пелосидің Тайваньға сапарына қатысты пікір білдірді
Опубликовано:

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Republic World.
"Пелосидің Тайваньға сапары -империалистердің өркениетсіз науқанының тағы бір көрінісі. Біз америкалық реакционерлер тарапынан бірде-бір арандатушылықты жіберіп алмау үшін әлемге кең көзбен қарауды жалғастырамыз", - деді ҚХР төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға 2 тамыз күні кешке келді. Оның аралға сапарына Қытай қарсы пікір білдірді.
Сонымен қатар ҚХР билігі Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде ауқымды әскери жаттығу өткізілетінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981498-si-czinpin-pelosidin-taivanga-saparyna-qatysty-pikir-bildirdi/