Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жануардан адамға жұғатын жаңа вирус табылды

Опубликовано:

ауру белгісі маска
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларында жануарлардан адамға жұғатын жаңа вирус анықталды. Ланъя вирусы туралы зерттеу 4 тамызда New England Medicine (NEJM) журналында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Rtvi.com басылымының мәліметінше, Қытай, Сингапур және Австралия ғалымдары дайындаған есеп бойынша, бүгінгі таңда Қытайда кем дегенде 35 адамнан Ланъя вирусы табылған.

Ауру жұқтырған адамдарда дене қызуы, жөтел, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу сияқты белгілер байқалған. Вирус сонымен қатар анорексияны (тәбеттің толық болмауы), миалгияны (бұлшықет ауруы), бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуын тудырады.

Әзірге Ланъя инфекциясынан өлім жағдайы тіркелгені туралы хабар түспеген. Сондай-ақ вирустың адамнан адамға берілу мүмкіндігі де белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1982397-qytaida-zanuardan-adamga-zugatyn-zana-virus-tabyldy/

pixel