Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің 42 елі Ресейді Запорожье атом электр станциясынан әскерін шығаруға шақырды

Опубликовано:

АЭС
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлемнің 42 елі бірлескен мәлімдеме жасап, Ресейді Запорожье атом электр станциясынан әскерін шығаруға шақырды, деп хабарлайды "Европейская Правда".

Барлық 42 ел Ресей әскери күштерінің атом электр станциясында болуы оның жұмысына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін деп санайды.

Бірлескен мәлімдемеге Еуроодақ елдерінің өкілдері, сондай-ақ Норвегия, Ұлыбритания, Исландия, АҚШ, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Жаңа Зеландия, Лихтенштейн, Грузия, Молдова, Черногория, Солтүстік Македония және Түркия қол қойды.

"Ресейдің әскері мен қару-жарақты станция аумағында орналастыру қолайсыз және МАГАТЭ-нің барлық мүшелері құрметтеуге міндеттелген қауіпсіздік және қауіп-қатердің алдын алу қағидаларын елемеу болып табылады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1983186-alemnin-42-eli-reseidi-zaporoze-atom-elektr-stanciyasynan-askerin-sygaruga-saqyrdy/

pixel