Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Турист әйел Эльбрустағы аспалы жол станциясында босанып қалды

Опубликовано:

Тау
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейде турист әйел Эльбрустағы Гара-Баши аспалы жол станциясында ұл баланы дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА-Новости-ге сілтеме жасап.

Бұл оқиға туралы БАҚ-қа ресейлік ТЖМ-ға қарасты Эльбруста іздестіру-құтқару жасағы хабарлаған.

"Жедел кезекші пультіне Эльбрустағы Гара-Баши станциясында (биіктігі 3800 метр) турист әйелдің толғатып, су кетіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар жеткенше ұл бала дүниеге келген", - деп хабарлаған құтқару қызметінің баспасөз қызметі басылымға.

Олар әйел мен жаңа туған баласын аспалы жолмен Азау жазығына жеткізіп, одан әрі жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Құтқарушылар жасағы мұндай жағдайды әлі кездестірмегенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1983365-turist-aiel-elbrustagy-aspaly-zol-stanciyasynda-bosanyp-qaldy/

pixel