95 жастағы әйгілі италиялық актриса сенат сайлауына үміткер атанды
Опубликовано:

95 жастағы Джина Лоллобриджида келесі айда Италия сенатына сайлауға түсуге ниетті, деп хабарлайды Bloomberg.
Лоллобриджида отставкаға кеткен премьер-министр Марио Драги үкіметіне қарсы "Егемен және халықтық Италия" альянсы атынан үміткер болады. Актриса мүше болған альянс Италияның Еуроодақ пен НАТО-дан шығуын жақтайды.
Италияда сенат сайлауы 25 қыркүйекке белгіленген. Қазіргі уақытта елде бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлусконидің "Алға, Италия", Джорджия Мелонидің "Италия ағайындылары" партиясы және Маттео Сальвинидің "Лига" партиялары танымал.
1999 жылы Лоллобриджида Еуропарламент сайлауында үміткер болды. 1950-60 жылдары ол ең танымал және сұранысқа ие италиялық актрисалардың бірі болып саналды.
Актриса ондаған голливудтық және италиялық фильмдерде ойнаған. Оның түсірілім алаңындағы серіктестері - әйгілі Хамфри Богарт пен Шон Коннери.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1983381-95-zastagy-aigili-italiyalyq-aktrisa-senat-sailauyna-umitker-atandy/