Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Түркияда Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Ердоған Тайып
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті шешуге үлес қосуға дайын екенін айтты. Ол екі елдің басшыларын Түркияға кездесуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

"Президент Режеп Тайып Ердоған Анкараның Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті дипломатия арқылы шешуге үлес қосуға дайын екенін айтып, екі басшыны Түркияда кездесуге шақырды", - делінген агенттіктің Twitter-дегі парақшасында.

"Түркия президенті Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Запорожье атом электр станциясы мәселесін талқылайтынын айтты", - делінген агенттіктің тағы бір хабарламасында.

Айта кетейік, 18 тамызда Ердоған Львовта Украина президенті Владимир Зеленскиймен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның айтуынша, олар маңызды мәселелер - Запорожье атом электр станциясы, астық дәлізі және украиналық тұтқындарды босату бойынша іс-қимылдарды талқылаған.

Сондай-ақ Львовтағы кездесуде Түркия мен Украина меморандумға қол қойған, оған сәйкес Стамбул соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіруге атсалысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1983998-erdogan-turkiyada-putin-men-zelenskiidin-kezdesuin-uiymdastyruga-daiyn-ekenin-malimdedi/

pixel