Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден қайтадан COVID-19 жұқтырды

Опубликовано:

Джилл Байден
Джилл Байден. Фото: Clive Rose/Getty Images

АҚШ президентінің әйелі Джилл Байден COVID-19-ға ПТР тестінің теріс нәтижесін алған соң төрт күн өткенде коронавирус инфекциясын қайта жұқтырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Басылымға бұл туралы АҚШ-тың бірінші ханымының ресми өкілі Келси Доногью мәлім еткен. Оның айтуынша, сәрсенбі, 24 тамызда антигенді талдау кезінде оң нәтиже алынған.

Бір күн бұрын әдеттегі сынақ теріс нәтиже бергені хабарланған. Джилл Байден қазір Делавэр штатындағы Рехобот-Бичте. Тест нәтижесінен соң оған оқшаулану туралы ескертілген.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ бірінші ханымында ауру белгілері қайталанбаған.

Еске сала кетсек, Джо Байденнің әйелі Джилл Байденнің 15 тамызда коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Алты күннен кейін, 21 тамызда COVID-19 ПТР тестін тапсырып, теріс нәтиже алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1984709-aqs-tyn-birinsi-xanymy-dzill-baiden-qaitadan-covid-19-zuqtyrdy/

pixel