Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирак астанасында қарулы қақтығыс кезінде 20 адам құрбан болды

Опубликовано:

Бағдад қаласы
Видеодан кадр: Twitter/Journalitics

Ирак астанасы Бағдадта шииттердің жетекшісі Муқтада ас-Садрдың жақтастары мен оның саяси қарсыластары арасында қарулы қақтығыс орын алды. Наразылық салдарынан қазірдің өзінде 20 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бағдадтың "жасыл аймағында" (Ирак астанасының орталығындағы шетелдік және үкіметтік нысандар орналасқан аймақ – ред.) болған қақтығыста 20 адам құрбан болды", - деп мәлім еткен Al Jazeera телеарнасы.

Бұған дейін Al-Arabiya телеарнасы да қақтығыстарда 14 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған деп хабарлаған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазір Бағдадтың "жасыл аймағында" шиіттердің ықпалды көшбасшысы Муқтада ас-Садрға және "әл-Хашд әл-Шааби" шииттік халық жасағына бағынатын "Сарай ас-Салам" ("Бейбіт отрядтар") бригадасы мен әскерилер арасында кескілескен шайқастар жүріп жатыр. Тараптар минометтер мен ауыр пулеметтерді қолданғаны айтылуда.

Бұған дейін Муқтада ас-Садр ел үкіметінің мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуге құлықсыздығына наразылық ретінде өзінің саяси қызметін және партиясының барлық кеңсесінің жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.

Ас-Садр саясаттан кететінін мәлім еткеннен кейін оның жүздеген жақтастары Бағдадтың "жасыл аймағына" ағылды. Наразылық білдірушілер "жасыл аймақта" орналасқан Ирак үкіметінің штаб-пәтері Республика сарайына да басып кіріп, онда құқық қорғау күштерімен арада қақтығыс орын алған.

Кейін Ирак қауіпсіздік күштері дүйсенбі күні ас-Садрдың жақтастары басып алған Бағдадтағы Республика сарайын толық бақылауға алған. БАҚ қауіпсіздік күштерінің атыс қаруы мен көзден жас ағызатын газ қолданғанын хабарлады.

Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казими Муқтада ас-Садрға үндеу жолдап, өз жақтастарын басып алған үкімет ғимараттарын босатуға шақырды. Кеше түнде ас-Садр аштық акциясының басталғанын жариялап, оны Ирактағы зорлық-зомбылық аяқталғанша жалғастыруға ниетті екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1985374-irak-astanasynda-qaruly-qaqtygys-kezinde-20-adam-qurban-boldy/