Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентина вице-президентіне оқ атпақ болған ер адамның кім екені анықталды

Опубликовано:

Аргентина вице-президенті Кристина Киршнер
Кристина Киршнер. Фото: JUAN MABROMATA/AFP via Getty Images

Аргентина құқық қорғау органдары вице-президент Кристина Киршнерді атып тастамақ болған ер адамды анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, ол 35 жастағы бразилиялық болып шықты.

"Шабуыл жасаушының жеке басын федералды полиция анықтады. Бұл 35 жастағы бразилиялық Фернандо Андре Сабаг Монтиель. Полицияның мәліметінше, оның бұрын қарумен ұсталған оқиғасы бар", – деп жазады басылым.

Басылымның мәліметінше, полицейлер ер адамнан Bersa 380 жартылай автоматты пистолетті тәркілеген, мамандар оны зерттеп жатыр.

Аргентина президенті Альберто Фернандестің айтуынша, қару бес оқпен оқталған, бірақ "техникалық тұрғыда расталмаған белгілі бір себептермен" шабуылшы шүріппені басып үлгергенімен, мылтық атылмаған.

Еске салайық, Аргентина вице-президенті Кристина Киршнерге үйінің жанында қастандық жасалған болатын. Күдікті оған тапанша сілтегенімен, саясаткер зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1985947-argentina-vice-prezidentine-oq-atpaq-bolgan-er-adamnyn-kim-ekeni-anyqtaldy/

pixel