Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер II Елизаветаның денсаулығына алаңдаулы

Опубликовано:

Елизавета II
Елизавета II. Фото: Jeff J Mitchell/Getty Images

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның дәрігерлері оның денсаулығына алаңдап отыр. Қазір монарх медиктердің бақылауында. Бұл туралы ақпарат Букингем сарайының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін таңертең жүргізілген қосымша тексеруден кейін патшайымның дәрігерлері мәртебелі королеваның денсаулығына алаңдап, оған дәрігерлердің бақылауында болуға кеңес берді", – делінген хабарламада.

Қазір II Елизавета Балморал қамалында (Шотландия). Патшайымның өзін жайлы сезінетіні баса айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде II Елизавета 59 жыл ішінде алғаш рет парламент сессиясының ресми ашылу рәсіміне қатыспаған болатын. Содан кейін ол шамамен 2 ай бойы жарыққа шықпады. Өткен жазда британдықтар патшайымның тақта отырғанына 70 жыл толуын атап өтті.

Қазіргі уақытта патшайым әлем тарихындағы ең ұзақ билік еткен екінші монарх.

Жақында Ұлыбритания патшайымы жаңа премьер-министр Лиз Трасс құрған министрлер кабинетін бекітті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1986891-darigerler-ulybritaniya-patsaiymy-ii-elizavetanyn-densaulygyna-alandauly/

pixel