Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияның жаңа патшасы III Карл жайлы не білеміз

Опубликовано:

Карл III
Карл III. Фото: Jason Cairnduff- WPA Pool/Getty Images

Елизавета патшайым өмірден өткен бойда британ тәжі оның мұрагері, Уэльстің бұрынғы ханзадасына ешқандай рәсімсіз бірден берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дегенмен, ол тәж кию үшін бірнеше дәстүрлі қадамды өтуі керек.

Оны қалай атайды

Жаңа патша III Карл деген атқа ие болады.

Бұл жаңа монархтың тұсындағы ең бірінші шешім болды. Ол өзінің төрт есімінің (Карл Филип Артур Георг) бірін таңдады. Қазір ханзада Уильям тақ мұрагері болғанымен, ол автоматты түрде Уэльс ханзадасы бола алмайды. Сондықтан ол бірден әкесінің "Корнуолл герцогы" атағын иемденді.

Енді Уильямның әйелі Кэтрин "Корнуолл герцогинясы" ретінде белгілі болады.

Жаңа патша Карлдың әйелі де жаңа атаққа ие болады. Енді ол - консорт-патшайым атанды. "Консорт" сөзі монархтың жұбайы деген мағынаны білдіреді.

Ресми рәсімдер

Анасы қайтыс болған бір тәулік ішінде Карл ресми түрде патша болып жарияланады. Бұл тарихи сәт Лондондағы Сент-Джеймс сарайында Мұрагерлік кеңес деп аталатын салтанатты ұйымның алдында өтеді.

Оның құрамына монархтың Құпия кеңесінің мүшелері - қазіргі және бұрынғы жоғары лауазымды депутаттар тобы, дворяндардың өкілдері және кейбір жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер, Ұлыбританияның Достастық елдеріндегі елшілері және Лондонның лорд-мэрі кіреді.

Негізінен салтанатты шараға 700-ден астам адам қатысуға құқылы. Дегенмен патшайымның қайтыс болғаны жақында ғана белгілі болғанын ескерсек, қатысушылар саны әлдеқайда аз болуы мүмкін.

Айта кетейік, 1952 жылғы соңғы мұрагерлік кеңеске 200-ге жуық адам жиналған болатын.

Бұл жиналысқа әдетте патша қатыспайды.

Кеңес барысында Құпия кеңестің лорд-президенті (қазіргі депутат Пенни Мордаунт) патшайым II Елизаветаның қайтыс болғаны туралы хабарлайды, және мәлімдемені дауыстап оқиды.

Дауыстап оқылатын мәтін әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ ол дәстүрлі түрде дұғалар мен адалдық кепіл сөздерінен, алдыңғы монархты мадақтаудан және жаңасына адалдық туралы мәлімдемелерден тұрады.

Содан кейін мәлімдемеге бірнеше жоғары лауазымды тұлғалар, соның ішінде премьер-министр, Кентербери архиепископы және лорд-канцлер қол қояды.

Кейін жаңа дәуір басталуының белгісі ретінде қандай өзгерістер енгізілгеніне ерекше назар аударылады.

Корольдің алғашқы декларациясы

Мұрагерлік кеңес әдетте келесі күні қайта жиналады. Бұл жолы жаңа сайланған патша мен жеке Кеңес мүшелерінің қатысады. Британиялық монархтардың билігі ант бермейді. Алайда 18 ғасырда қалыптасқан дәстүр бойынша ол Шотландия шіркеуін қорғауға ант беруге тиіс.

Фанфар айтылғаннан кейін "Карлды жаңа патша" деп жариялау туралы жалпыға ортақ мәлімдеме жасалады.

Ол Лондонның орталығында, Букингемнің жанында орналасқан "Әулие Джеймс" сарайының балконында болады.

Содан соң шенеунік "Патшаны Құдай сақтасын" деп жар салады. Ал 1952 жылдан бері мемлекеттік әнұранның сөзі "Патшаны Құдай сақтасын" деп шырқала бастайды.

Содан кейін Лондондағы Гайд паркінде, Лондон мұнарасында және әскери кемелерде артиллериялық салют беріледі.

Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияның астаналарында: Эдинбургте, Кардиффте және Белфастта Карлды "патша" деп жариялау туралы мәлімдемелер оқылады.

Тәж кигізу

Карл патша атанғаннан кейін, тәж кию рәсіміне дайындалады. Алайда бұл салтанатты шараға дайындық өте ұзақ болуы мүмкін. II Елизавета таққа 1952 жылы отырғанымен, тәж кию рәсімі тек 1953 жылдың маусымында жүзеге асқан.

Соңғы 900 жыл бойы Вестминстер аббаттығында тәж кию рәсімдері өтті. Ол жерде тәж киген алғашқы британдық монарх Уильям жаулап алушы болды. Ал Карл қырқыншы болады.

Тәж кию рәсімі аяқталғаннан кейін ол Карлдың басына 1661 жылы тұтас алтыннан жасалған Әулие Эдвардтың тәжін қояды.

Алайда патша бұл тәжді тек осы рәсімде ғана басына киеді. Себебі тәж салмағы 2,23 келі.

Тәж кигізу рәсімі - мемлекеттік іс-шара болып табылады. Оны ұйымдастыру үшін үкімет қаражат бөледі және шақырылғандардың тізімін жасайды.

Тәж кигізу шарасында әуен ойналады, әртүрлі мәтіндерден үзінділер, жаңа монархты майлау рәсімі өтеді. Ал монархты майлау үшін апельсин, раушан, даршын, мускус және янтарьды майларын қолданады.

Жаңа патша бүкіл әлем алдында тәж кигізу антын береді. Бұл рәсімде ол өзінің жаңа рөлінің символы ретінде шар мен аса таяқты алады. Ал Кентербери архиепископы патшаның басына алтын тәж кигізеді.

Ұлттар Достастығы басшысы

Карл 2,4 миллиард халқы бар 56 тәуелсіз елден тұратын Ұлттар Достастығына басшы болды. Ол Ұлыбританиядан бөлек 14 мемлекеттің басшысы болады.

Олардың ішінде: Австралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Белиз, Канада, Гренада, Ямайка, Папуа-Жаңа Гвинея, Сент Кристофер және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадиндер, Жаңа Зеландия, Соломон аралдары және Тувалу бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1986940-ulybritaniyanyn-zana-patsasy-karl-iii-zaily-ne-bilemiz/

pixel