Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Террорлық шабуылға 21 жыл: АҚШ-та 11 қыркүйекте қаза тапқан құрбандарды қалай еске алады

Опубликовано:

Гүл шоқтары
Көрнекі фото: Nikolas Kokovlis/NurPhoto/Getty Images

Бүгін АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйектегі террактіден қаза тапқан 3000-ға жуық құрбанды еске алу шарасы өтеді. Ақ үй таратқан мәлімет бойынша жексенбілік шараға АҚШ президенті Джо Байден қатысады, деп хабарлайды Хабар24.

Осыдан 21 жыл бұрын АҚШ жерінде әлемдегі ең ауыр лаңкестік шабуыл ұйымдастырылған.

Дүниені дүр сілкіндірген террорлық акті құрбандарын АҚШ-та жыл сайын еске алады. Көптеген америкалық үшін лаңкестердің салған жарасы әлі жазыла қоймаған.

Телеарнаның хабарлауынша, Нью-Йорк, Вашингтон, Колумбия және Пенсильвания штатында жүздеген халық терракт құрбандарының құрметіне гүл шоқтарын қояды. Шара барысында алғашқы бір минуттық үнсіздік жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:46 өтеді.

Бұл - American Airlines ұшағының Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасына соғылған уақыты. Одан кейін ұшақтың оңтүстік мұнараға, Пентагонга құлаған уақыттарында да үнсіздік жарияланады.

2001 жылы 11 қыркүйектегі террактіден қаза тапқан 3000-ға жуық құрбанды еске алып, есімдері оқылады. Ақ үй таратқан мәлімет бойынша жексенбілік шараға АҚШ президенті Джо Байден қатысады.

Еске сала кетсек, сол кездегі АҚШ президенті Джордж Буш бұл лаңкестік әрекетті мектеп оқушыларымен кездеуінде естіген болатын.

Америкалықтар арада 21 жыл өтсе де, қыркүйектегі қаралы күнді ұмытқан жоқ.

"Иә, ол оқиға әлі менің есімде. Барлығымыз шок алып, шошынып қалдық. Не болғанын түсінбедік. Ойымызға келмеген жантүршігерлік оқиға болып жатты", - дейді жергілікті тұрғын.

Бұл террактіні Усама Бен Ладен мен "Әл-Каида" мойнына алған соң АҚШ Ауғанстанда ұзақ жылдарға созылған соғысты бастап кетті. Арада он жыл өткен соң, тек 2011 жылы мамырда АҚШ күштері Бен Ладеннің көзін жойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987187-terrorlyq-sabuylga-21-zyl-aqs-ta-11-qyrkuiekte-qaza-tapqan-qurbandardy-qalai-eske-alady/

pixel