jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында атыс болды

сарбаз
Көрнекі фото: mil.gov.kg

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұсынған мәлімет бойынша, қақтығысқа Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Тәжікстан Республикасының шекара жасағының пайда болуы себеп болған, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

"Қырғыз тарапының аумақты тастап кету туралы заңды талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғызстан ҰҚК ШҚ шекарашылары да қару қолданды. Шекара жасақтары арасында атыс басталды, оның барысында тәжік тарапы минометтер қолданды", – деп хабарлады ведомство.

Қырғыз тарапынан зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ.

Осыдан соң Баткен облыстық басқармасы мен Соғды облыстық басқармасының басшылары телефон арқылы сөйлескен. Оқиға орнына Баткен шекара жасағының бастығының шыққаны айтылды.

Кейінірек басылым Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс тоқтағанын хабарлады. Оқиға орнында екі елдің шекара өкілдері жолыққан.

Sputnik Тәжікстан басылымы да Тәжікстан мен Қырғызстан шекарашылары арасында атыс болғанын растады.

"Шамамен сағат 07:15-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:15 -те) Кех, джамоата Ворух шекаралас аумағында Қырғызстанның шекарашылары мен әскери қызметшілері себепсіз тәжік шекарашыларының жасағына қарай оқ жаудырды", - деп хабарлайды басылым.

Исфара әкімшілігінің баспасөз хатшысы Зубайдулло Шомадовтың айтуынша, тәжік әскері кері оқ жаудырған. Салдарынан бірнеше шекарашылар зардап шекті. Атыс әлі де жалғасуда, деді ол.

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында атыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.