Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: COVID-19 пандемиясы аяқталуға жақын

Опубликовано:

індет74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өткен аптада әлемде COVID-19 салдарынан өлім саны 2020 жылдың наурызынан бастап ең төменгі деңгейге дейін төмендеді, яғни пандемия жақын болашақта аяқталуы мүмкін. Бұл туралы сәрсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры мәлімдеді, деп жазады Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Спикер пандемиямен күресті марафонмен салыстырды.

"Біз мәре сызығын көріп отырмыз. Біз жеңіске жақынбыз. Бірақ қазір ең жаманы жүгіруді тоқтату болар еді", - деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры барлық елдерді ең қауіпті топтарды, соның ішінде медицина қызметкерлері мен қарттарды толығымен вакцинациялауға шақырды.

Оның айтуынша, бұл ДДҰ алға қойған мақсатқа жету жолындағы басым міндет - әрбір мемлекеттегі халықтың кемінде 70%-ын екпемен қамту.

Халықаралық ұйымның деректері бойынша, өткен аптада әлемде 3,1 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырды, шамамен 11 мың адам қайтыс болды. Инфекция жұқтыру жағдайларының саны алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 28%-ға, ал өлім-жітім саны 22%-ға азайды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1987965-ddsu-covid-19-pandemiyasy-ayaqtaluga-zaqyn/

pixel