БАҚ: Қытай делегациясына II Елизаветамен қоштасуға рұқсат етілмеді
Жарияланған күні:
Қытай делегациясына Ұлыбритания патшайымы II Елизаветамен қоштасу үшін Вестминстер холлға кіруге рұқсат берілмеді, деп хабарлайды Politico сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Дереккөздің берген дерегіне сай, Ұлыбританияның қауымдар палатасының спикері Линдси Хойл Қытай шенеуніктерінің тиісті өтінішін қабылдамаған.
Бұл өткен жылы ҚХР-дың Шыңжаңдағы мұсылмандарға қатысты саясатын сынға алған бірқатар британдық шенеуніктерге Қытайдың санкция салуына байланысты. Бұған жауап ретінде Қытайдың Ұлыбританиядағы елшісі Чжэн Цзеуганға парламент ғимаратына кіруге тыйым салынды.
Санкциялар әлі де күшінде. Британ парламентінің отырыстары қазір Вестминстер сарайында өтіп жатқаны белгілі.
Қытай делегаттары 19 қыркүйек күні Вестминстер аббаттығында II Елизаветаның жерлеу рәсіміне қатысады. Бірақ оларға Вестминстер Холлға кіруге тыйым салынады.
Бұған дейін ІІ Елизаветаның жерлеу рәсіміне әлем көшбасшыларының қайсысы шақырылғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1988185-baq-qytai-delegaciyasyna-ii-elizavetamen-qostasuga-ruqsat-etilmedi/