Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан мен Тәжікстан оқ атуды тоқтату туралы келісімге келді

Жарияланған күні:

Әскери оқу жаттығу
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін БАҚ-та қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс шиеленісе түскені хабарланған болатын. Тәжікстан тарабы қырғыз әскери күштері барлық ауыр және атыс қаруын қолдана отырып, оқ атқанын мәлім еткен. Қырғызстан болса, Тәжікстан шекарада ауыр бронетехника мен зымырандық жүйелерді пайдаланғанын жеткізген. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, қос тарап бүгін түстен кейін оқ атуды тоқтату туралы келісімге келген.

Sputnik Қырғызстанның мәлімдеуінше, Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Тәжікстан әскери күштері қақтығыстарда ауыр бронетехника, жаппай оқ жаудырудың зымырандық жүйесін және авиацияны пайдаланып жатқанын хабарлаған.

"Қырғыз тарабы өз аумағы мен елдімекендерін басып алуға мүмкіндік бермей, жер мен ауадан жасалған барлық шабуылдарға тойтарыс беруде. Сол жерде министрлер кабинеті басшысының орынбасары, ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев атысты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауда", – делінген хабарламада.

Басылым оқ атудан зардап шеккендердің саны 18 адамға дейін өскенін жазған.

Сонымен қатар, шекара ведомстволарының басшылары кездесу өткізу үшін сағат 10:00-ден бастап оқ атуды тоқтату туралы уағдаласқан. Sputnik Тәжікстанның мәліметінше, елдің шекара қызметінің баспасөз қызметі Қырғызстанның әскери күштері шекарадағы тәжік ауылдарына, азаматтық ғимараттар мен жергілікті тұрғындардың үйлеріне шабуыл жасап жатқанын мәлімдеген.

"Бірақ Қырғызстанның әскери қызметшілері бұл ұсыныстарды елемей, жеке және топтық қарудың барлық түрін және әскери операцияларды қолданды",– делінген хабарламада.

Сондай-ақ басылымның дереккөздері таңертеңгі атыс кезінде бір жергілікті тұрғынның қаза тапқанын, ондаған адамның жараланып, ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Алайда, зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.

Бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:00-де қос тарап оқ атулы доғару туралы келісімге келгені турлы хабарланды.

Бұл туралы 24.kg тілшілеріне Жогорку Кенеш депутаты Алишер Козуев жеткізген. Ол екі елдің арнайы қызмет төрағалары - Камчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов арасындағы келіссөздер өткені туралы жедел ақпаратты бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1988212-qyrgyzstan-men-tazikstan-oqu-atudy-toqtatu-turaly-kelisimge-keldi/