Путин Херсон және Запорожье облыстарының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды
Жарияланған күні:
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Херсон және Запорожье облыстарын тәуелсіз аумақтар деп тану туралы жарлыққа қол қойды. Құжаттар құқықтық ақпарат ресми интернет-порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Халықаралық құқықтың жалпылай қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың тең құқықтары мен өзін-өзі билеу принципін растай отырып, мен 2022 жылғы 27 қыркүйекте өткен референдумдағы Херсон облысы халқының еркін ескере келе, Запорожье/Херсон облысының егемендігі мен тәуелсіздігін мойындау туралы шешім қабылдадым", - делінген құжаттарда.
Еске сала кетейік, 23-27 қыркүйек аралығында бұл аймақтарда Ресейге қосылу туралы референдум өткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1990334-putin-xerson-zane-zaporoze-oblystarynyn-tauelsizdigin-moiyndau-turaly-zarlyqqa-qol-qoidy/