Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

CNN: Мобилизация жарияланғалы бері Ресейден 200 мыңнан астам азамат кетіп қалды

Опубликовано:

Багажын ұстаған қыз
Багажын ұстаған қыз. Көрнекі фото: Pexels.com

CNN Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте елде ішінара мобилизация жариялаған соң Ресейден кеткен азаматтардың жалпы санын жариялады. Бұл ретте Қазақстан, Грузия, ЕО және басқа елдердегі ресми деректер есепке алынған.

БАҚ-тың хабарлауынша, 21 қыркүйектен бері Ресейдің 200 мыңнан астам азаматы туған жерін тастап кеткен.

Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың мәліметінше, қыркүйектің 21-нен бері бір апта ішінде Қазақстанға 100 мыңға жуық ресейлік келген. 64 мыңнан аса ресейлік елден кеткен. Бірақ қыркүйектің 21-нен бері елге келген ресейліктер саны әлі де артып келеді.

Ал Грузия Ішкі істер министрлігінің дерегінше, қыркүйектің 21-і мен 26-сы аралығында Ресей-Грузия шекарасын кем дегенде 53 мың Ресей азаматы кесіп өткен.

CNN сонымен қатар Еуропалық шекара және жағалау күзеті агенттігінің Frontex деректеріне сілтеме жасады. Олардың мәліметінше, 19-25 қыркүйек аралығында Еуроодақ елдеріне 66 мың ресейлік кірген.

Дегенмен статистикаға Армения мен Моңғолиядан алынған мәліметтер енбеген. Бұл елдерге де ресейліктер жаппай баруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1990467-cnn-mobilizaciya-zariyalangaly-beri-reseiden-200-mynnan-astam-azamat-ketip-qaldy/

pixel