jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстан президенті төрт министрді қызметінен босатты

Қырғызстан туы
Қырғызстан туы: pixabay.com

Қырғызстанда төрт министрліктің басшысы қызметінен босатылды. Оның екеуі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Садыр Жапаровтың өкімімен қызметінен босатылғандар:

  • Қырғыз Республикасы энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев;
  • Қырғызстан білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев;
  • Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов;
  • Көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев.

Алғашқы екеуінің үстінен қозғалған қылмыстық істерге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді.

Айта кетейік, Алмазбек Бейшеналиев 110 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Ал Досқұл Бекмырзаевқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалған.

Басылымның мәліметінше, Азамат Жаманқұлов пен Еркінбек Осоев өз еркімен жұмыстан кеткен. Қазір жоғарғы кеңеске үш жаңа шенеунік ұсынылған.

Қырғызстан президенті төрт министрді қызметінен босатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.