Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл теракт": Путин Қырым көпіріндегі жарылыс туралы пікірін айтты

Опубликовано:

Қырым көпіріндегі өрт
Қырым көпіріндегі өрт. Фото: Twitter/Maxar

Ресей президенті Владимир Путин Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинмен кездесуінде өткен сенбіде болған Қырым көпіріндегі жарылыс туралы ойын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК басылымына сілтеме жасап.

"Бұл Ресей Федерациясының аса маңызды азаматтық инфрақұрылымын жоюға бағытталған лаңкестік әрекет екеніне еш күмән жоқ. Авторлар, орындаушылар, тапсырыс берушілер - Украинаның арнайы қызметтері", - деді Ресей президенті.

Ал Тергеу комитетінің басшысы ФСБ қызметкерлері жарылысты ұйымдастырған күдіктілерді анықтағанын растаған.

"Біз жарылыс болған жүк көлігінің жүру бағытын анықтадық - бұл Болгария, Грузия, Армения, Солтүстік Осетия, Краснодар өлкесі. Сонымен қатар тасымалдаушылар, қозғалысты ұйымдастыруға қатысқан адамдар анықталды. ФСБ қызметкерлері теракт дайындауы мүмкін күдіктілерді анықтады", - деді Бастрыкин.

Оның айтуынша, терактіні дайындауға шетелдердің азаматтары көмектескен. Бастрыкиннің айтуынша, тергеудің алғашқы деректері "жарылысты Украинаның арнайы қызметі ұйымдастырған" деп айтуға мүмкіндік береді, олардың мақсаты - "азаматтық инфрақұрылымның ірі нысанын жою" болған.

Еске сала кетейік, 8 қазанда Қырым көпірінде жүк пойызының соңындағы жанармай құйылған цистерна өртенген болатын. Оқиға куәгерлері жанып жатқан көпірді видеоға түсіріп алған. Оқиға салдарынан, алдын ала мәлімет бойынша, үш адам қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1991854-bul-terakt-putin-qyrym-kopirindegi-zarylys-turaly-pikirin-aitty/

pixel