jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Дубайда алғаш рет ұшатын көлік таныстырылды

ұшатын көлік
Ұшатын көлік. Видеодан кадр: iphones.ru

Азия кеңестігінде ұшатын автокөлік шығаратын ең ірі XPENG AEROHT компаниясы мен оның еншілес кәсіпорны XPeng X2 ұшатын электр көлігін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ iPhones.ru-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, ұшатын көлікті таныстыру рәсімі Дубайдағы қонақ үйлердің бірінің жанында орналасқан парашют орталығында өткен.

XPeng X2 автокөлігі ұшуға ыңғайлы және аэродинамикасын жақсартатын минималистік дизайнмен жасалған жабық кабинамен жабдықталған.

Электр көлігінің барлық элементтері көміртекті талшықтан жасалған. Ол екі адамға, қысқа қашықтыққа төмен биіктікте ұшуға арналған. Көліктің ұзындығы шамамен 5 метр, ені 4,78 метр, ал биіктігі 1,36 метр.

Басылым аэромобильдің 1 шақырымға дейінгі биіктікте ұша алатынын атап өткен. Толық зарядталған батареямен 130 км/сағ жылдамдықпен 35 минутқа дейін ұшады.

Ал таныстыру рәсімі кезінде жаңа көлік 90 минут ауада қалықтап тұрған және ол қашықтан басқарылған.

Басылым аталмыш көліктердің сатылымы 2024 жылға жоспарланғанын мәлім етті. Алайда қазіргі таңда оның нақты бағасы белгісіз көрінеді.

Дубайда алғаш рет ұшатын көлік таныстырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.