"Жанымның қалауы": Танымал франциялық модель ислам дінін қабылдады (видео)
Жарияланған күні:
Франциялық модель әрі жергілікті реалити-шоудың басты жұлдызы Марин ель Химер ислам дінін қабылдады. Марин ислам дінін қабылдаған сәттегі видеосын өз Instagram парақшасына жариялаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Сенің өзің ғана жүріп өтетін жолдар бар. Достарың да, отбасың да, әріптесің де болмайды. Тек қана сен және Алла.
Кейбіреулеріңіз білетін шығарсыздар, мен ресми түрде жарияламаған едім. Бірнеше ай бұрын ислам дінін қабылдадым. Бұл жанымның, ақылымның және жүрегімнің қалауы болды", - деп жазды модель.
Марин Франциядағы танымал модельдердің бірі. Ол елдегі ТОП-блогерлердің де қатарына енеді. Сұлу бойжеткен өз өміріндегі оқиғалар мен саяхат туралы Instagram желісінде жиі бөліседі.
Жақында Марин ель Химер Марокко паспортын алды.
"Ұзақ әрі ауыр әкімшілік шаралардан кейін мен өзіме ыстық осы құжатты алғанымды атап өтемін", - деп жазған Марин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1995761-zanymnyn-qalauy-tanymal-franciyalyq-model-islam-dinin-qabyldady-video/