Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саха тұрғындары айдың қызыл түске еніп, толық тұтылуының куәсі болды (видео)

Опубликовано:

ай
Айдың тұтылуы. Видеодан кадр: Telegram/14News

Саха (Якутия) республикасының тұрғындары айдың толық қызыл түске еніп, тұтылған сәтінің куәсі болды, деп хабарлайды lenta.ru.

Жергілікті халықтың түсірген видоесын 14News Telegram-арнасы жариялады. Желіде пайда болған бейнежазбадан Айдың толығымен дерлік қою қызыл реңкке боялғанын көруге болады.

Якутия аспанындағы мұндай ерекше құбылыстың себебі - Айдың Жер мен Күннің арасынан өтуі кезінде Жер шары көлеңкесінің Айға түсуі.

Бұл процесс жергілікті уақыт бойынша 8 қарашада 17:01-де басталған. Максималды кезең 19:59-ға сәйкес келген. Айдың тұтылуы бір сағаттан астам уақытқа (85 минутқа) созылған. Мамандардың айтуынша, тұтылу жергілікті уақыт бойынша 20:42-де аяқталған.

Айта кетейік, бүгін, 8 қарашада әлем елдері Айдың тұтылу құбылысын тамашалай алады.

Астрономдардың болжауынша, келесі Ай тұтылуы 2025 жылға қарай болуы керек. Мамандар бұл күні адамдарға сақ болуға, әрі кейбір шешімдерді қабылдамауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1996279-saxa-turgyndary-aidyn-qyzyl-tuske-enip-tolyq-tutyluynyn-kuasi-boldy-video/

pixel