Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирандық танымал актриса шеруге шығушыларды қолдау мақсатында хиджабсыз суретін жариялады

Опубликовано:

Таране Алидости
Таране Алидости. Фото: instagram.com/taraneh_alidoosti

"Коммивояжер" жұлдызы Таране Алидости Ирандағы шерушілерді қолдайтындығын білдіріп, желіде хиджабсыз түскен суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ирандық актриса өзінің Instagram парақшасына қолына "Әйел, өмір, бостандық" деген жазуы бар қағазды ұстаған фотосын салды. Бұл сөздер - ел билігіне наразылық білдірушілерді біріктіретін ұран.

Батыс басылымдарының хабарлауынша, актриса бұл әрекеті үшін қамауға алынуы мүмкін.

Айта кетейік, Таране Алидостиға 2020 жылы Иран билігін сынағаны үшін бес айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Оның адвокаты Каве Радтың сөзінше, бұған Алидостидің Twitter парақшасында жариялаған видеосы себеп болған.

Видеодан жергілікті полиция қызметкерлерінің көшеде хиджабсыз кетіп бара жатқан әйелді балағаттап, дөрекілік танытқанын байқауға болады.

Бұған дейін актриса өз елінің билігін сынап, отандастарын тұтқындар деп атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1996647-irandyq-tanymal-aktrisa-seruge-sygusylardy-qoldau-maqsatynda-xidzabsyz-suretin-zariyalady/

pixel