Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Стамбұл орталығында болған жарылыстан кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады

Опубликовано:

Стамбұл көшесіндегі Жедел жәрдем көлігі
Стамбұл көшесіндегі Жедел жәрдем көлігі. Фото: John Wreford/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы Түркия қаласындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтауда. Бұл туралы ресми хабарлама Сыртқы істер министрлігінің Telegram арнасында жарияланды.

Қазақстандық ведомствоның Түркия құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, 13 қараша күні Стамбұлдың туристік орталығында жарылыс болып, оның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 4 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алған.

"Қазақстан Республикасының Cтамбұлдағы Бас консулдығы жарылыс құрбандарының арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзырлы органдарымен және қала әкімдігімен байланыста", – деп толықтырды министрлік.

Сонымен қатар, Қазақстанның Бас консулдығы оқиғаға байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады.

"Азаматтарымыздан шетелде, әсіресе адам көп шоғырланған жерлерде, барынша сақтық танытуды сұраймыз. Бас консулдықтың байланыс телефоны +90 212 662 53 49", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1996988-sim-stambul-ortalygynda-bolgan-zarylystan-keiin-qazaqstandyqtarga-undeu-zoldady/

pixel