Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда 5,9 балдық жер сілкінісі болып, 22 адам зардап шекті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Дюздже қаласы, жер сілкінісі
Дюздже қаласы, жер сілкінісі. Фото: twitter.com/ozerkoc0

Сәрсенбі, 23 қараша күні Түркияда 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулері Стамбұл қаласы мен оның айналасындағы бірнеше ауданда да сезілген.

Life.ru сайтының Түркияның шұғыл қызметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:08 шамасында (Астана уақыты бойынша 07:08-де ) тіркелген.

Жерасты дүмпуінің ошағы Дюздже қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 шақырым жерде, алты шақырым тереңдікте орналасқан.

Дюздже қаласынан халқынан бөлек, жер сілкінісін Стамбұл, Текирдаг, Эскишехир және бірнеше елдімекен тұрғындары сезген.

Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Twitter-дегі парақшасында әзірге төтенше жағдайдан қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екенін атап өтті.

"Бізге Төтенше жағдай министрлігінен және жергілікті тұрғындардан келіп түскен алдын ала ақпараттарға сүйенсек, жер сілкінісінен қаза тапқандар жоқ", - дейді ол.

РИА Новости-дің жазуынша, Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі жер сілкінісінен 22 адамның зардап шеккенін мәлім еткен. Олардың біреуінің жағдайы ауыр.

"Дюзджедегі қазіргі ахуалды айтар болсақ, 5,9 балдық жер сілкінісінен 22 адам зардап шеккен. Оның біреуі биіктен секіргендіктен, жағдайы ауыр. Қалаға жедел жәрдем көлігінің бригадасы жіберілді", - дейді Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа.

Басылымның жазуынша, жағдайы ауыр ер адамның жер сілкінісі кезінде қорыққаннан балконнан секіргені анықталған. Сонымен қатар басылым өңірдегі оқу мекемелерінде сабақ бір күнге тоқтатылғанын хабарлады.

Сол арада әлеуметтік желі қолданушылары төтенше жағдайдан кейін түсірілген суреттер мен видеоларды бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998568-turkiyada-59-baldyq-zer-silkinisi-bolyp-22-adam-zardap-sekti/