Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезияда жер сілкінісінен кейін екі күн үйінді астында жатқан бес жасар бала құтқарылды

Опубликовано:

5 жасар баланы құтқару сәті
5 жасар баланы құтқару сәті. Фото: National Search and Rescue Agency

Индонезиялық өрт сөндірушілер сәрсенбі күні Ява аралында болған жойқын жер сілкінісінен кейін 45 сағаттай өз үйінің астында қалған 5 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүйсенбі күнгі 5,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 271-ге жетті, 151 адам із-түзсіз жоғалып, 2 мыңға жуық адам жарақат алған. Іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

"Азканы өрт сөндірушілер тобы таңғы сағат 10:40-та құтқарды", - деді Ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің өкілі Анисса Новрианти баланың есімін атай отырып.

Ал баланың анасы жер сілкінісінен көз жұмған. Бес жасар бүлдіргін матрацтың арқасын аман қалған. Екі күн бойы тамақ ішпеген баланың әлсіреп қалғаны айтылуда. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1998759-indoneziyada-zer-silkinisinen-keiin-eki-kun-uiindi-astynda-zatqan-bes-zasar-bala-qutqaryldy/

pixel