Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев сотқа жедел жәрдем көлігімен жеткізілді (видео)

Опубликовано:

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев
Алмазбек Атамбаев. Видеодан кадр: 24.kg

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев сотқа жедел жәрдем көлігімен жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бішкектің Бірінші май аудандық соты 2010 жылғы маусым оқиғасы бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастыруда.

Басылымның мәліметінше, елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаев сот ғимаратына жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Атамбаевтың қасында Қылмыстық атқару қызметінің он шақты сарбазы болған.

Басылымның жазуынша, Қырғызстанда маусым оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу 2021 жылдың сәуірінде қайта жалғасқан. Тергеу амалдары Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Қызмет бабын асыра пайдалану" бабы бойынша жүргізілуде.

Еске салсақ, биыл жазда Алмазбек Атамбаев бірнеше қылмыстық іс бойынша ақталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999781-qyrgyzstannyn-eks-prezidenti-almazbek-atambaev-sotqa-zedel-zardem-koligimen-zetkizildi-video/

pixel