Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иранда хиджаб кимеген әйелдердің банк шоттары бұғатталуы мүмкін

Жарияланған күні:

Хиджабтағы әйел
Хиджабтағы әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Иран билігі хиджаб кимейтін ирандық әйелдердің банктік есепшоттарын бұғаттай бастауы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости Donya-ye Eqtesad басылымына сілтеме жасап.

"Хиджаб кимейтіндерге алдымен смс хабарлама арқылы ескерту жіберіледі. Смс хабарламадан кейін ескерту кезеңі бар, содан кейін үшінші кезеңде хиджаб кимеген адамның банктік шоты бұғатталуы мүмкін", - дейді Иран парламентінің мәдениет комитетінің мүшесі Хосейн Джалали.

Сондай-ақ Джалали елдегі тәртіпсіздіктердің күшеюі мен бұзақылар және хиджаб кимейтін әйелдер санының артуы арасындағы тікелей байланысты атап өтті.

Оның сөзінше, толқулар тоқтаса, екі фактор бойынша да көрсеткіштер төмендейді.

Джалалидің айтуынша, бір-екі аптадан кейін тәртіпсіздіктер аяқталып, "ирандық әйелдердің жүзіне орамала қайта көрік бере бастайды".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2000568-iranda-xidzab-kimegen-aielderdin-bank-sottaryn-bugattaluy-mumkin/