Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы әлем халқы Google-дан ең көп іздеген сөздер анықталды

Опубликовано:

Планшеттегі Google іздеу жүйесі. Көрнекі сурет
Планшеттегі Google іздеу жүйесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Google 2022 жылы танымал болған іздеу нәтижелерін бөлісті. Аталған деректер компания блогында жарияланған, деп хабарлайды Газета.ru.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, әлем халқы биыл Google-дан ең жиі іздеген сөз Wordle ойыны болған. Ал жаңалықтар саласында Украина жайлы ақпаратты көп іздеген.

Ақпараттық іздеу нәтижелерінің үздік үштігінде Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның қазасы мен әлем елдеріндегі сайлау нәтижелері тұр.

Бұдан бөлек әлем жұртшылығын лотереядағы жеңіс комбинациялары мен маймыл шешегі туралы деректер қызықтырған.

Биыл Google іздеу жүйесінде есімі ең жиі жазылған адам Джонни Депп болған. Аталған тізімде Уилл Смит екінші орында, Джонни Депптің бұрынғы әйелі Эмбер Херд үшінші, Ресей президенті Владимир Путин төртінші орныда тұр.

Сондай-ақ 2022 Google-да ең жиі ізделген телехикаялардың қатарында "Эйфория", "Дом дракона", "Лунный рыцарь", "Наблюдатель" және "Изобретая Анну" туындылары бар.

Сонымен қатар биыл адамдар Google-дан Новак Джокович, Рафаэль Надаль, Серена Уильямс, Манти Тео, Шон Уайт сынды спортшылар туралы ақпаратты жиі іздеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2000629-2022-zyly-google-dagy-en-tanymal-izdeu-natizeleri-anyqtaldy/

pixel