Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстанда жаңа қала Гурбангулы Бердімұхамедовтың құрметіне аталатын болады

Опубликовано:

Гурбангулы Бердімұхамедов
Гурбангулы Бердімұхамедов. Фото: Ақорда

Түрікменстандағы велаяттардың (облыстардың) бірінің әкімшілік орталығы елдің бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың құрметіне аталатын болады. Тиісті құжат үкіметтің кеңейтілген отырысында қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түрікменстан СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Түрікменстан үкіметінің кеңейтілген отырысы 21 желтоқсанда өтті. Онда Ахал велаятының жаңа әкімшілік орталығы қала мәртебесін алып, Арқадаг деп аталатыны белгілі болды.

"Бұл шешім Ахал аймағы тұрғындарының және ел азаматтарының тілектерін, қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін және Түрікменстан министрлер кабинетінің ұсынысын ескере отырып, "Түрікменстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы мәселелерін шешу тәртібі туралы" Түрікменстан заңына сәйкес қабылданды", - делінген елдің Сыртқы істе министрлігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Аркадаг (түрікмен тілінен аударғанда "қамқоршы") Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың ресми және ең көп тараған лақап аты.

"Анадолу" агенттігінің жазуынша, Аркадаг жаңа әкімшілік орталығы Ашхабадтан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан.

Британ энциклопедиясының сайтында Түркіменстанның алты әкімшілік-аумақтық бірлікке бөлінгені айтылған. Бұл бес велаят (облыстар) - Ахал, Дашогуз, Лебап, Марый, Балқан, сондай-ақ велаят құқығын иеленген бір қала - ел астанасы Ашхабад.

Түрікменстан солтүстік-батысында Қазақстанмен, солтүстігінде және шығысында Өзбекстанмен, оңтүстік — шығысында Ауғанстанмен, оңтүстігінде Иранмен шектеседі. Батысында Каспий теңізі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2002673-turikmenstanda-zana-qala-gurbanguly-berdimuxamedovtyn-qurmetine-atalatyn-bolady/

pixel