Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда қалың тұман салдарынан 200-ден астам көлік соқтығысты (фото, видео)

Опубликовано:

Чжэнчжоу қаласындағы 200 көлік соқтығысқан жол апаты
Чжэнчжоу қаласындағы жол апаты: STR/AFP/Getty Images

Қытайдың Чжэнчжоу қаласында қалың тұман салдарынан жаппай жол апаты болды. Тас жолда 200-ден астам көлік соқтығысып, кем дегенде бір адам қаза тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін 07:40-та (Астана уақыты бойынша 05:40) Қытайдың Хэнань провинциясының орталығы Чжэнчжоу қаласындағы көпірде жаппай жол апаты болған.

Оған қалың тұман себеп болған. Жол апатынан кем дегенде бір адам көз жұмған.

Оқиға орнына барған құтқарушылардың бірі жергілікті "Хэнань цзяотун" радиосына алдын ала есеп бойынша 200-ден астам көлік соқтығысқанын айтқан.

Одан бөлек, Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, оқиға орнына 11 өрт сөндіру машинасы мен 66 құтқарушы барған.

Британ энциклопедиясындағы мәліметтерге сүйенсек, Чжэнчжоу қаласы 1954 жылдан бері Қытайдың Хэнань провинциясының астанасы.

Жалпы Қытай 33 әкімшілік аумаққа бөлінген: 22 провинция, 5 автономиялық аудан, 4 муниципалитет және 2 арнайы әкімшілік аудан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2003468-qytaida-qalyn-tuman-saldarynan-200-den-astam-kolik-soqtygysty-foto-video/

pixel