Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда аюдың шабуылынан хайуанаттар бағының қызметкері мерт болды

Опубликовано:

Қоңыр аю
Қоңыр аю. Көрнекі фото: Рexels.com

Өзбекстанның Әндіжан облысында аю өзін тамақтандыруға келген хайуанаттар бағының қызметкерін тістеп алған. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.uz басылымына сілтеме жасап.

Әнджі облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза болған қызметкер Ходжаабад ауданындағы хайуанаттар бағында жұмыс істеген.

Ал оқыс оқиға 3 қаңтар күні шамамен сағат 16:00-де болған. Зообақ қызметкері А.Г аюды тамақтандыру үшін оның торына кірген. Сол сәтте жыртқыш оған ұмтылып, мойнынан тістеп алған. Ауыр жарақат алған ер адам сол жерде қайтыс болған.

Басылымның жазуынша, қазір бұл факт бойынша Ходжаабад аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2004436-ozbekstanda-ayudyn-sabuylynan-xaiuanattar-bagynyn-qyzmetkeri-mert-boldy/

pixel