Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда бір айдың ішінде коронавирустан 60 мың адам қайтыс болды

Опубликовано:

қытайлықтар
Көрнекі фото: www.osnmedia.ru

Қытайда соңғы бір айда коронавирустан 60 мың адам көз жұмған. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады Хабар24 арнасы.

Билік қайтыс болғандардың 90% жасы 65-тен асқан қарт адамдар екенін айтады.

Қытайда қараша айында шектеулерге қарсы жаппай наразылық басталып, желтоқсанда оның көбі алынып тасталды. Соның салдарынан елде індеттің таралуы қайта күшейеді.

Бірақ өткен аптада жергілікті билік шектеулерді тағы жеңілдетіп, шетелдіктерге қатысты карантин шараларын жойды.

Ресми мәліметтер бойынша, Қытай шекарасы ашылған соң елге келетін шетелдіктер саны күрт көтерілген.

Айта кетелік, ДСМ мәліметіне сәйкес, Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны едәуір азайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2005387-qytaida-bir-aidyn-isinde-koronavirustan-60-myn-adam-qaitys-boldy/

pixel