Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран ЛХР, ДХР, Херсон және Запорожье облыстарын Ресейдің бір бөлігі ретінде танудан бас тартты

Опубликовано:

Хосейн Әмір Абдоллахиан. Фото
Хосейн Әмір Абдоллахиан. Фото: Maxim Shemetov/Pool/AFP/Getty Images

Тегеран Қырым, өзін-өзі жариялаған ЛХР және ДХР, сондай-ақ Украинаның Херсон мен Запорожье облыстарын Ресей құрамына енгенін мойындамайтынын хабарлады. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Хосейн Әмір Абдоллахиан мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

"Біз халықаралық құқық аясында елдердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мойындаймыз және осы себепті Тегеран мен Мәскеу арасындағы жақсы қарым-қатынасқа қарамастан, біз Қырымның Украинадан бөлініп шығуын мойындамаймыз. Сол сияқты біз Украинадан Луганск пен Донецктің бөлініп шығуын да мойындамадық, себебі біз сыртқы саясатта дәйекті принципке сүйенеміз. (…)

Украинадағы соғыс мәселенің шешімі емес екенін айтумыздың себебі - біз оны фундаменталды саясат деп санайтынымыздан және соған сенеміз", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Украина құрамында болған Қырым 2014 жылдан бастап Ресей құрамына енген. Оған Ресей билігі өткізген референдумдардың нәтижесі себеп болған.

РБК мәліметінше, қазіргі таңда ресейлік Қырымды тек сегіз мемлекет мойындаған. Олар: Венесуэла, Никарагуа, Сирия, Ауғанстан, Солтүстік Корея, Куба, сондай-ақ жартылай мойындалған Абхазия мен Оңтүстік Осетия.

Сол сияқты Украина құрамында болған өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск Халық республикалары мен Херсон және Запорожье облыстары былтыр күзде Ресей құрамына енген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2006067-iran-lxr-dxr-xerson-zane-zaporoze-oblystaryn-reseidin-bir-boligi-retinde-tanudan-bas-tartty/

pixel