jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Өзбекстанда алғаш рет Сиам егіздерін ажырату операциясы жасалды

Отадан шыққан сәбилер ата-анасы және дәрігерлермен
Отадан шыққан сәбилер ата-анасы және дәрігерлермен. Фото: Т.me/ssvuz

Өзбекстандық дәрігерлер алғаш рет Сиам егіздерін ажырату операциясын жасады. Ота сәтті өткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Қырғызстанда туған Сиам егіздерінің ата-анасы өзбек дәрігерлеріне 2022 жылдың маусым айында жүгінген.

Сәбилер 2022 жылғы 31 мамырда дүниеге келген. Олардың Сиам егіздері екені жүктіліктің 28-ші аптасында белгілі болған. Дәрігерлер әйелді Ош қаласынан Бішкекке жіберіп, бір аптадан кейін егіздер кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.

Жаңа туған нәрестелер 1600 грамм салмақпен дүниеге келген. Оларға Фотима және Зухра есімдері берілген.

CentralAsia басылымының мәліметінше, балалардың құрсақ қуысы ортақ болып туған. Яғни, олардың бауыры ортақ, бірақ өт қабы бөлек қалыптасып, өз қызметін еш қиындықсыз атқарған.

Ота кезінде бауыр мен басқа да тамырлардан қан кетудің алдын алу үшін ультрадыбыстық және аргон скальпельі, сондай-ақ заманауи қан тоқтататын материал қолданылған.

"Бақытымызға орай, сәбилердің өт қабы бөлек қалыптасқан екен. Бұл екі денені бір-бірінен ажыратқан кезде де өт қабының өз қызметін еш қиындықсыз атқаруына мүмкіндік берді", – дейді өзбекстандық дәрігерлер.

Мамандар қазір балалардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Сәбилер жақын күндері ауруханадан шығады деп күтілуде.

Өзбекстанда алғаш рет Сиам егіздерін ажырату операциясы жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.