jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қызметінен босатылған Түркіменстанның Ұлттық қауіпсіздік министрі залдан жүгіріп шықты (видео)

Гурбанмырат Аннаев
Гурбанмырат Аннаев. Фото: t.me/anthabar

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов Ұлттық қауіпсіздік министрі Гурбанмырат Аннаевті қызметінен босатты. Содан кейін желіде жаңалықты естіген шенеуніктің залдан жүгіріп шыққаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Тurkmen.news басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның ақпаратынша, Түркіменстан басшысы Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысында Ұлттық қауіпсіздік министрін қызметінен босатқан.

Осы орайда, министр басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан алынғаны хабарланды.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жаңалықты естіген Гурбанмырат Аннаевтің жиын өтіп жатқан залдан жүгіріп шыққанын көруге болады.

Басылым мәліметінше, Аннаевтің орнына бұрынғы Көші-қон қызметінің басшысы Назар Атагараев тағайындалды.

Одан бөлек, Бердымұхамедов Жоғарғы сот басшысы Гуванчмурат Уссанепесовті және оның орынбасарлары Мусамырат Союнов пен Оребай Мухаммедовті қызметінен босатты.

Қызметінен босатылған Түркіменстанның Ұлттық қауіпсіздік министрі залдан жүгіріп шықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.