Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Түркияға жедел түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жібереді

Опубликовано:

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі
Түркиядағы жер сілкінісі. Фото: Anadolu Agency / Contributor/ Getty Images

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды президент баспасөз қызметінің Telegram-арнасы.

Телефон арқылы сөйлесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның бірнеше провинциясында болған жойқын зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Режеп Тайып Ердоғанға қайғыра көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Түркияның зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008282-qazaqstan-turkiyaga-zedel-turde-qutqarusylar-men-darigerler-ziberedi/

pixel