jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстандық құтқарушылар Газиантепте үйінді астынан үш адамды құтқарып алды (видео)

Газиантепегі қазақстандық құтқарушылар
Газиантепте жұмыс істеп жатқан қазақстандық құтқарушылар. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Газиантептегі объектілердің бірінде қазақстандық құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды аман-есен шығарып алды. Үйінді астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт құтқарылған. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт құтқарылған. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медицина мамандарына тапсырған.

"Жұмыстар үзіліссіз, екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанына қарамастан, аса күрделі жағдайларда жүргізілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство адамдарды анықтау үшін кинологиялық топтар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылғанын атап өтті.

Қазақстандық құтқарушылар Газиантепте үйінді астынан үш адамды құтқарып алды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.