Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта мұғалім жаза ретінде 100-ден астам оқушының шашын қиып тастады (видео)

Опубликовано:

Таиландта мұғалім оқушының шашын қиып жатыр
Таиландта мұғалім оқушының шашын қиып жатыр. Видеодан кадр: Тwitter.com/kuyraiwaasas

Таиландта мектеп мұғалімі 100-ден астам оқушының шашын кесіп жазалаған. Ұстаздың пікірінше олардың шаш үлгісі жарғыға сәйкес келмейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Пхетчабун провинциясындағы оқиға әлеуметтік желіде жарияланған видеоның арқасында белгілі болды.

"Видеодағы кадрларда Бунг Сам Пхан ауданындағы мектеп мұғалімінің қайшымен 100-ден астам оқушының шашын қырқып алғаны көрінеді. Таңертеңгілік жиналыс кезінде ол оқушыларды ұсқынсыз шаш үлгісімен қалдырып кеткен", – деп жазады басылым.

Таиландтың Білім министрі Тринуч Тхиентхонг үкімет органдарына оқиға болған мектептің мұғалімі мен директорына қатысты тергеуді бастауды тапсырды. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Ол 2020 жылы министрлік мектеп оқушыларының сыртқы келбетіне қатысты нормаларды алып тастағандықтан, мұғалімнің іс-әрекеті орынсыз екенін айтты.

"Оқушылардың шашын жаза ретінде кесу орынсыз және жол бермейтін нәрсе, – деді Тринуч Тхиентхонг.

Дегенмен, Білім министрі қазір ведомствода жаңа ережелер қарастырылып жатқанын, оған сәйкес әр мектеп өзі оқушының шаш үлгісін таңдау құқығына ие болатынын айтты.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, 1972 жылы Таиландтың әскери билігі мектеп оқушыларының сыртқы келбетіне қатысты стандарттарды қатаңдатқан, соған сәйкес ұлдарға тікірейген қысқа шаш, ал қыздарға "каре" үлгісінде шаш қиюға рұқсат етілген.

Сонымен қатар ұстаздар ережені сақтамаған оқушылардың шашын өздері қырқып алатын жағдайлар жиі кездескен. Бұл стандарттар 2020 жылы жойылғанымен, көптеген мектеп ескі ережелерді сақтауды жалғастырып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008895-tailandta-mugalim-zaza-retinde-100-den-astam-oqusynyn-sasyn-qiyp-tastady-video/