Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия мен Сирияда тағы да жер сілкінді: қаза тапқандар саны оннан асты

Опубликовано:

Ауғанстандағы табиғи апат
Жер сілкінісінен кейінгі жағдай. Фото: Sardar Shafaq/Anadolu Agency via Getty Images

Кеше, 20 ақпанда Түркияның Сириямен шекаралас Хатай провинциясында тағы да жерасты дүмпулері тіркелді. Қазіргі таңда екі елде қаза тапқандар саны оннан асып кетті. Зардап шеккендердің де саны артуда.

TRT Haber түрік басылымының хабарлауынша, қазіргі таңда Түркияда кешегі болған жер сілкінісінен кейін алты адам қаза тапқан. Сонымен бірге 294 адамның жарақат алғандығын, оның ішінде 18 адамның жағдайы ауыр екені мәлім болды.

Сонымен қатар, ТАСС Telegram-арнасының мәліметінше, Сирияда да бес адам қаза болған.

"Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, төрт адам Алеппо және Тартус қалаларында болған жерасты дүмпулері кезінде қатты қорқып, бір-бірін таптап қаза болған. Sky News Arabia телеарнасының мәліметінше, тағы бір әйел адам Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Латакия қаласында қаза тапқан", – деп хабарлайды агенттік өкілдері.

Ал Deutsche Welle дерегінше, Сирияның адам құқықтары жөніндегі бақылау орталығының (SOHR) елде кем дегенде 470 адам зардап шеккенін мәлім еткен.

Айта кетейік, кеше түнде Түркияның Хатай провинциясында тағы да магнитудасы 6,4 және 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Сондай-ақ зілзала салдарынан 200-ден астам адам зардап шеккенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010211-turkiya-men-siriyada-tagy-da-zer-silkindi-qaza-tapqandar-sany-onnan-asty/

pixel